Сен туралы
Сен туралы, сен туралы бәрі де,
Мен туралы айтудың жоқ сәні де.
Адамдардың тағдырында қараңғы
Сен — қанатты құдыретсің жарық етер ғаламды.
Мейірімге тұнған сенің жүрегің
Өткен шақтың белгісі деп білемін.
Дәріптелер бар болмысы жердегі
Қанаты жоқ, қайғысы көп барлық ұрпақ –пенденің.
Жарқыраған паң жұлдыздар түңіліп,
Кетсе жерден жүзін алып, бұрылып,
Ондағы бар екі жұлдыз ерекше
Олар — сенің қос жанарың батылдығы бөлекше.
Ал, сонан соң алтын түсті серафим,
Уақытты болса егер де соғатын.
Көтереміз алдарынан тағы да
Сендегі аппақ орамалды желбіретіп, табына.
Үн тұншығар қалтыраған кернейде
Серафим де биіктікте өлмей ме.
...Сен туралы, сен туралы бәрі де,
Мен туралы айтудың жоқ сәні де...
Перевод стихотворения Николая Гумилёва «О тебе» на казахский язык.