Мен Және Сіз
Білем, сізге тең емеспін,
Өзге әлемнен келген едім.
Гитарға әуес мен емеспін,
Жусан әнін жөн көремін.
Кең сарайда жұрт тамсанып,
Дей алмаймын, қарсы алады.
Жырымды оқыр бұлт жар салып,
Сарқырама қол соғады.
Мұрат емес мен қалаған
Сурет сүйген санаттағың.
Артық көрем — шөл даладан
Сусын тапқан араб халін.
Төсекте де көз жұмбаймын,
Дәрігерің керек емес.
Заң жайлы да сөз қылмаймын —
Жаным шөптен бөлек емес.
Рухым нұр боп тамып кетер,
Жыр боп қайта бүр жаратын —
Жабайы жел алып кетер
Қалың шөпке шырмалатын.
Қайтем бейіш есігін мен
Қарсы алмайтын бәрін бірдей.
...Қарақшылар есі кірген
Жабығатын жанын жүндей,
Қайыршылар сыр тыңдаған
Сұр дүниеге төте кетем.
Адасқан жан «тұр-тұрлаған»
Бөгде әлемді мекен етем.
Перевод стихотворения Николая Гумилёва «Я и Вы» на казахский язык.