Ханша
Жаз түнінде қап-қараңғы перделі,
Балғын ханша кетті адасып.
Торығып, жүрген кезде жылауменен сенделіп,
Бір жұмысшы жұбатты оны, жолығып.
Алып келді күркесіне аруды,
Ұсынды оған үйде дәмнің даярын.
Ұмытпады және жастық салуды,
Қымтап жапты көрпесімен аяғын.
Өзі сосын бір бұрышта талығып,
Тәтті ұйқының құшағына кеткен-ді.
Дір-дір еткен әлсіз майшам жарығы,
Сол бұрышты көрсетумен шектелді.
Жатты жерде бір пұшпағы терінің —
Бұл тулақты бәрі, бәрі жатсынды.
Іздегендей ұғынатын серігін,
Керегі жоқ, қадірі жоқ зат сынды.
Жабыққаны таныс мына ханшаға,
Сыр шерткендей ескі тулақ түнімен.
Балғын ару сырын тыңдап тамсана,
Өз үйіндей сезінеді шынымен.
Үй иесі ұйқысынан тұрғасын,
Ханшайымды жолға салды ертемен.
...Талай түнде ару төгіп жүр жасын
Күркені аңсап, көкірегін өртеген...
Перевод стихотворения Николая Гумилёва «Принцесса» на казахский язык.