Ақылды әзәзіл
Өзіме адал дос боп келген Әзәзіл
Ән сап берді, құлақ қойдым үніне:
“Түн бойында суда жүзген теңізші
Таң атқанда кетті теңіз түбіне.
Толқын тулап, аласұрған айнала,
Оған қалай ақ көбігі жол бермек.
Көбіктен де аппақ болып алдынан
Елес берді махаббаты көлбеңдеп.
“Алдамаймын, маған таяп кел бері” —
деп шақырған елтіді оның үніне.
«Есіңде ұста, — деді Әзәзіл ескертіп, —
Сосын кетті ол таңда... теңіз түбіне...”
Перевод стихотворения Николая Гумилёва «Умный дьявол» на казахский язык.