Түс. Таңертеңгі әңгіме
— Бүгін қандай әдемісіз,
Түсіңізге не кірді?
— Ай астында жағалау мен
Мәжнүн тал көрінді.
— Тағы да не... Түнді сүймес
Түсінбеген сезімді.
— Көрдім тағы Дездемона
Ару менен өзімді.
— Мәжнүн талдың тасасында
Соншама ерек жан тұрды?!
— Отелло ғой тым ерекше
Әдемі де тартымды.
— Сай болды ма сізге ол жігіт,
Ай сәулесі тәрізді?!
— Иә, ол жауынгер ер жүректі,
Әрі ақын ғой жаны ізгі.
— Нәзік мұңын егілместен
Тыңдадыңыз ынтығып...
— Мен емеспін,
Дездемона,
Үнсіз тұрған іркіліп...
Перевод стихотворения Николая Гумилёва «Сон. Утренняя болтовня» на казахский язык.